Республикалық акцияны өткізу бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат 11.07.2019 ж. "Мектепке жол" ОМ. В. Комаров

2019 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін "Мектепке жол"республикалық акциясы басталды. Акция аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте балалардың мектепке келмеуінің алдын алуға бағытталған. Мектептің ұйымдастыру комитеті акция өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын құрастырды, жұмыстың әр кезеңіне жауапты тұлғалар анықталды. Мектеп вестибюльінде "Мектепке жол-2019" атты стенд ресімделді, онда "Мектепке жол"республикалық акциясы бойынша жалпы ақпарат бар. Апта сайын акция өткізу бойынша мониторинг жүргізілді. Әлеуметтік педагогтар әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж аз қамтылған, көп балалы, "қауіп" тобындағы балалардың тізімін жасайды және мәліметтер банкін жинайды. "Мектепке жол" логотипі бар жеке кәсіпкерлерге балаларды мектепке дайындау кезінде халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына қайырымдылық көмек көрсету туралы хат жолданды.