Текст
2 күн ішінде 4 - сынып оқушылары "QABILET"бағдарламасы бойынша тестілеуден өтеді.Жобаның негізгі міндеті-әр отбасына баланың қабілеттерінің деңгейін дұрыс бағалауға және оның талантын одан әрі оқыту және дамыту бойынша ұсыныстар алуға мүмкіндік беру. Qabilet қызметі ата-аналарға балаларының қабілеттері мен дағдыларын ашуға көмектеседі және қазіргі, қарқынды дамып келе жатқан әлемде баланың дамуына ықпал етеді. Балалар тестілеуден қуана өтті, нәтижелер ата-аналарды, мұғалімдер мен балаларды қуантады деп үміттенеміз. Ең жоғары балл жинаған балалар тестілеудің облыстық кезеңіне шақырылады. Сізге сәттілік тілейміз!