"Елімнің еркіндігін-Тәуелсіздік" кітап көрмесі.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай В. Комаров атындағы орта мектеп кітапханасында «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесі еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы қаламгерлердің жазған еңбектері мен тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылды.



