Текст
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып жарияланды және мерекелік күндер күнтізбесіне енгізілді. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеу және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында балаларға "Абай жолы"атты онлайн экскурсия өткізілді. Іс — шараның мақсаты-оқушыларды қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың өмірімен және шығармашылығының барлық қырларымен таныстыру. Іс-шарада Абай туралы фильм мен презентация көрсетілді.