Жеңіс күні – ерекше мереке, бұл күні біз ұлы Жеңіс туралы және жеңіс үшін өз өмірлерін қиғандар туралы есімізге
аламыз. Осы жылы да солай болды …
9 мамырда таңертеңнен мектепте ерекше салтанат сезілді. Барлық балалар салтанатты киініп, үрленген әдемі шарларымен, мұғалімдер мен оқушылар кеудесіне Георгий лентасын тағып шықты. Сағат 11-де «Өлмес полк» басқарған колоннамен кент тұрғындары ескерткішке бет алды. Мектептің педагогикалық ұжымы мен 5-11 сынып оқушылары Ұлы Жеңістің 73-жылдығына арналған шеру мен митингіге қатысты. Салтанатты жағдайда мерекелік митинг өтті.
Митингте оқушылар соғыс пен бейбітшілік туралы өлең оқыды, әндер айтты және би биледі. Кент әкімі Е.Б.
Мукановтың сөйлеген сөзі ешкімді бей-жай қалдырған жоқ. Жиналған қауымға арнаған сөзінде әкім 9 мамыр —
Жеңіс күні — әркім үшін қасиетті мереке және біз, еліміздің бүгінгі азаматтары, Жеңіс туралы естелікті келешек ұрпаққа жеткізуіміз керектігін айтты.
Ауған соғысының ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жеңіс үшін өз өмірлерін құрбан еткендердің естелігіне арналған бір минут үнсіздік жарияланды. Барлық жиналған қауым құрбан болғандарға бас иіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.