Текст
15 желтоқсанда 3" Б " сыныбында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған сынып сағаты өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: туған елдің тарихына қызығушылықты дамытуға ықпал ету; өз елінің рәміздеріне патриотизм, құрмет және ерекше көзқарас сезімін қалыптастыру. Сынып сағаты барысында оқушылар әнұранды орындады, еліміздің сипаттамасын құрастырды, анаграммаларды шешті. Сабақ соңында балалар қағаз көгершіндерге Қазақстан халқына тілектерін жазды.