Балалар бірлестігі – жасөспірімдердің қоғам өміріне қатысудың маңызды формасы, тұлғаның әлеуметтік өмірге кіруін қамтамасыз ететін қоғамның әлеуметтік-педагогикалық біртұтас жүйесінің маңызды құрамдасы. Заманауи балалар бірлестігінің өзіндік ерекшелігі – балаларға таңдау еркіндігін беру, балалар бастамасын қолдау, әлеуметтік акциялар мен жобаларды жүзеге асыруда дербестігі.
Балалардың қоғамдық бірлестігі – тұлғаның әлеуметтендіру факторы.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезекті ХIII съезінде Президент айтты: «...жас қазақстандықтар арасындағы жұмысты кеңінен жүргізуі керек. Елдің жастарын біріктіріп, «Жас ұлан» біртұтас қозғалысын құру қажет, осыған орай балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру жөніндегі мәселені қарастыруды партияға тапсырды.
2018 жылдың 18 қаңтарында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 40 адам қабылданды және «Жас Қыран» қатарына 52 оқушы қабылданды.
Осы жылдың ішінде «Жас Ұлан» балалар ұйымы дербес ұйым ретінде өз бетінше қалыптасуы өтті.
Салтанатты жиында «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран» қатарына қабылданатын оқушыларға біздің мектептің түлектері галстуктер мен белгілер тақты. Мектеп директоры Кулнашарова Анар Есенбеккызы балаларға тілек сөзін айтып құттықтады. Оқушылар ант берді, өлең оқыды, «Жас Ұлан» ұранын айтты. 10 «А» сыныптың оқушылары әдемі би орындады.
Оқушылар балалар ұйымының қатарына қабылданғандарына қуанышты болды.