Текст
Көктемнің алғашқы күнінде еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Бұл мереке-барлық этностардың бір-біріне және олар үшін қиын жылдары басқа ұлттардың адамдарын туған-туыстары ретінде қабылдаған адамдарға мейірімділік танытқан қазақтарға деген құрметі мен алғысы. Біздің мектептің 11 сынып оқушылары кентіміздің құрметті адамдары Касенов Гинаят Ашимовичқа, Искаков Жумаш Хамитовичке алғыс білдірді. Оларға кентіміздің, еліміздің дамуына қосқан шексіз үлесі үшін гүл шоқтары, алғыс хаттары табыс етілді.