«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШАНТӨБЕ КЕНТІНІҢ В.КОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»КОММУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ      
«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШАНТӨБЕ КЕНТІНІҢ В.КОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»КОММУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз facebookБіз соц. желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай өткізілген іс-шаралар туралы есеп

19.02.2018

Біз үшін Ауған жерінде болған соғыс – тарих. Бұл біздің Отанызыдың, жақындарымыздың, таныстарымыздың тарихы болғандықтан, оны әр адам білуі қажет.

15 ақпанда  Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күні  атап өтілді.  

Мектепте естелік күні «Тірі естелік» ұранымен өтті. Ауғанда соғысқандар тірі болғандықтан, нақ тірі естелік. Тірі, себебі қаза болғандар туралы естелікті бірге соғысқан жолдастары, отбасылары, туыстары, достары ардақтап есете сақтайды. Бұл туралы біз айтып, есте сақтап жүргендіктен тірі болады.

 

 Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай мектепте салтанатты жиналыс өтті, оған ауған соғысының ардагерлері – Кулеш Владимир, Смағұлов Асқар, Чиканов Сергей, Минец Валерий, Миндияров Рамиль, Руденко Вадим, Шиляев Василий қатысты.

 Кулеш Владимир сөз сөйледі. Жиналғандар қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Сапқа тұрудан кейін оқушылар дәстүр бойынша ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

«Горняк» мәдениет үйінде мерекелік концерт өткізілді. Ауған соғысы туралы көптеген өлеңдер оқылып, әндер айтылды. Ауған соғысы қазақ халқына да қайғы мен қасірет алып келді.

Бұл тарих жауынгерлердің қанымен және аналардың көз жасымен жазылғандықтан, адамдардың жадында көпке дейін сақталады.

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст