Шаңтөбе кентінің В. Комаров
атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің әдістемелік
бірлестігі.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің онкүндігіне арналған жұмыс жоспары мен өткізілген
іс-шаралар 2017-2018 ж.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің онкүндігі 11-22 қыркүйек аралығында өтті. Қазақ тілі және әдебиет мұғалімдері пән онкүндігін өткізу барысында педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісе отырып,тиімді әдістер мен инновациялық жаңа технологияларды пайдаланып,өз шеберліктерін көрсетті.Әр мұғалім ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізді.
11 қыркүйек күні оқушылардың шығармашылық жұмыстармен қабырға безендірілді.
13 қыркүйекте Абильдина Ш.К. 4 сыныбында «Ағамның сүйікті ісі» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар белсене қатысып, өздерінің жақсы білім деңгейлерін көрсетті.
15 қыркүйекте Кулнашарова А.Е. 9 «А» сыныбында «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақта белсенділік танытып, ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын, сөз қорларының мол екендігін байқатты.
15 қыркүйекте Мейрамова А.С. 6 «А» сыныбында «Ойнайсыңда,ойлайсың!» атты сыныптан тыс шара жүргізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, қазақ тілінен өз білімдерін көрсетті. Сайыс соңында жеңімпаз анықталып,марапатталды.
19 қыркүйекте Мейрамова А.С. 3 сыныпта «Біздің отбасымыз» атты ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ ойын түрде қызық өтті.
22 қыркүйекте Даулетбекова К.Т. 8 «А»,8 «Б» сыныптарында сыныптан тыс «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» атты білгірлер сайысын өткізді.Сабақта пән мұғалімі ақпараттық-коммуникативтіқ технологиясын пайдаланды.Сабақ өз мақсатына жетті.
Онкүндікте жоспарланған барлық іс-шаралар өткізілді.