«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШАНТӨБЕ КЕНТІНІҢ В.КОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»КОММУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ      
«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ШАНТӨБЕ КЕНТІНІҢ В.КОМАРОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»КОММУНАЛДЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Біз facebookБіз соц. желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

02.06.2017

15 – 20 мамыр аралығында біздің мектепте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына арналған сынып сағаттары өтті.  1-11 сыныптардың тақырыбы «Тарих беттеріндегі үш рәміз» Сынып жетекшілері оқушылардың

мемлекеттік рәміздер туралы білімін жалпылады, мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы әңгімеледі, сынып сағатының тақырыбы патриоттық сезім мен өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталды. Қазақстан егеменді мемлекет болғандықтан, 1992 жылдың 4 маусымында мемлекеттік рәміздердің қабылданғаны туралы айтылды. Жаңа рәміздерді әзірлеуде барлық қазақстандықтар өз үлестерін қосты. 

Бұл олардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін тағы да көрсетті.

Сынып сағаттары әңгіме, презентация көрсету түрінде өтті, оқушылар өздері мемлекеттік рәміздер туралы

әңгімеледі. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығы құрметіне мектепте «Мемлекеттік рәміздерді қабылдау күні» тақырыбында кітапхана меңгерушісі Г.Б. Жанулина кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ол оқушыларды ҚР рәміздерімен, мемлекетіміздің тәуелсіздік алу тарихымен таныстырды, әр адамның  туған күні сияқты, мемлекетіміздің де мемлекеттік рәміздерді қабылдау күні бар – ол 4 маусым болып келеді.

02 маусымда балалардың сауықтыру алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері тақырыбында балалар суретінің көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалды. Балалар әнұранды үлкен патриоттық сезіммен орындады.

Просмотров: 463


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст