Текст
14.05.2024 ж . Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Шантөбе кенті В. Комаров атындағы ЖББМ әкімшілігінің ата-аналар қауымымен кездесуі өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының саясатын іске асыру мәселелері қозғалды, мектептің 2023-2024 оқу жылындағы жұмысына талдау тыңдалды, оқушылардың үлгерімі мен оқу жетістіктерінің сапасы мәселелері талқыланды, сондай-ақ балалардың жазғы қауіпсіздігі туралы мәселе айтылды. Мектеп басшысы А. Е. Кулнашарованың сөзінен кейін басшының тәрбие жөніндегі орынбасары В.Б. Смирнов сөз сөйлеп, ата-аналарды балалардың жазғы демалысын ұйымдастырумен таныстырды.