№ 2 шығарылым ( 2026 ж. Қазан)

#Адал_азамат Мектеп парламентінің жұмыс жоспарына сәйкес Шантөбе кентіндегі В. Комаров атындағы мектептің «Ақпарат және баспасөз» фракциясының оқушылары «АРМАН» мектеп журналының кезекті санын дайындап, жарыққа шығарды.

Қазан айы бойы оқушылар мектеп өміріндегі жарқын оқиғаларды оқырмандармен бөлісу үшін материалдар жинап, мақалалар жазып, журналды безендіруге бар күш-жігерін жұмсады.

Журналдың бұл санына «Қазақстан Республикасының күні», «Жалпы мектептік жиын», «Пікірсайыс турнирі» атты мақалалар және басқа да қызықты материалдар енді.

Журнал шығару — оқушыларға шығармашылық қабілеттерін танытуға, өздерін журналист және редактор ретінде сынап көруге, топпен жұмыс істеуді үйренуге мүмкіндік береді. «АРМАН» жаңа идеялар, мектеп өмірінен сыр шертетін оқиғалар мен оқушылардың бастамалары тоғысатын алаңға айналады!

/public/files/2026/11/9/091126_105429_shkolynyy-shurnal-vypusk-2-oktyabry-2026-g.pdf

Жас редакция ұжымын алғашқы шығарылымымен құттықтаймыз! Шабыт, қызықты тақырыптар және ықыласты оқырмандар тілейміз!