Шаңтөбе кентінің В.Комаров атындағы орта мектебінің жалпы
мектептік ата-аналар жиналысының 2018 жылғы 15 наурыздағы
№3 хаттамасы
Қатысқандар: 64 ата-ана, 11 педагог
Күн тәртібі:
1. Кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің жасалған құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі және оның алдын алу, Смирнов В.Б. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2. Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықының алдын алуда отбасының рөлі, сондай-ақ жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу шаралары, Штром Н.О. – педагог-психолог
Бірінші сұрақ бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.Б.Смирнов сөз сөйледі. Өзінің сөзінде Василий Борисович құқық бұзушылық пен қылмыстың түрлері туралы қысқаша әңгімеледі, қиын жасөспірімдермен жұмыс түрлері туралы, жасаған құқық бұзушылықтары пен қылмыстары үшін тек қана ата-аналарының ғана емес, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың да жауапкершілігі туралы айтты. Кәмелетке толмағандарды есепке алу мақсаты ата-анасы мен баланы жазалау емес, бала өз жасаған қылығын ұғынып, құқыққа қайшы әрекеттерді енді қайталамау екенін атап айтты. Бұл жиі осылай болады: есепке алу уақыты кезінде жасөспірімдер қайтадан ескерту алмайды. Ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша ұсыныстар берді.
Ата-аналарға жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары үшін жазалау талаптары мен айыппұл мөлшері туралы айтты. Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы туралы заңнан үзінді көшірме оқылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар үшін негізгі жауапкершілік ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жүктелетініне ерекше назар аударды.
Осы тақырыпта бірлесе жұмыс жасауға ата-аналарды шақырды.
Василий Борисович оқушылардың демалыстары кезінде жарақат алушылар саны өсетінін айтты. Бұл үлкендердің нашар бақылауымен байланысты.
Жазғы кезде қауіптілігі жоғары жерлерді атап өтті. Оларға жататындар: жолдың жүру бөлігі, (роликті коньки, велосипед тебу), көлде суға түсу, өрт қаупі бар заттармен ойнау, отқа жақын жерлерде ойнаулары, үй жануарларының тістеуі (ти, мысық).
Екінші сұрақ бойынша баяндамамен «Балалар мен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуда отбасының рөлі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсауын болдырмау» тақырыбында педагог-психолог Штром Надежда Олеговна сөз сөйледі. Бала алғашқы өмірлік тәжірибесін отбасынан алатынын, алғашқа
бақылағандарын істейтінін және әр жағдайда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді.
Баланы отбасында неге үйрететіні нақты үлгілермен бекітілгені өте маңызды, үлкендердің айтқаны ісімен айқындалатынын бала көретіндей.
Надежда Олеговна, отбасында конфликті жағдайдың шиеленісу атмосферасы балаға теріс әсер ететінін айтты, балаға үйі тірек болудан қалады, бала қауіпсіздік сезімін жоғалтады, отбасы оған қайнар көзі болған, онда ата-анасымен эмоционалды байланысы жайлаған сезім жоғалады, олар мен олардың өмір құндылықтарын үлгі алуға болатын сезім де кетеді. Осындай отбасы жүйесі тұрақтылығының бұзылуы баланы, әсіресе
кішкентай және жасөспірім кезінде үйден тыс жерден сүйеніш тірек іздеуге әкелуі мүмкін.
Жасөспірімдердің көбіне суицидтікке әрекеті кенеттен, ойланбай, эмоция үстінде жасалады. Жиі көрнекі наразылық қылық: бұл өлуге деген құштарлығы емес, бұл көмек сұраған жан айқайы:
«Маған назар аударыңдаршы! Мені түсініңдерші!» Бұл айқай – бізге, ересектерге айтылған.
Надежда Олеговна өзінің баяндамасын мына сөздермен аяқтады:
«Екі адам туралы оқиғаны естеріңе салғым келеді, оларға су құйылған стақан берілді. Біріншісі айтты: "Ол жартылай толы, мен сол үшін оған разымын".
Екіншісі айтты: "Ол жартылай бос, мен өзімді алданған сезінемін". Бұл адамдардың арасындағы айырмашылық оларда не барда емес, олардың неге ие болғандарына көзқарасы туралы.
"Алданған", кімнің стаканы үнемі жартылай бос адамдарға қарағанда, ризашылық өнері бар
адамдар физикалық және эмоционалды сәтті жандар.
Егер бала дұрыс оң
ойлайтын болса, өмірлік проблемалар отқа соншалықты жан күйдірмейтін болады.
Оны былай үйретіңіз «әр қарамайдың бөшкесінде әрқашан бір қасық бал табуға болады».
Қаулы етілді:
1. Алынған ақпарат назарға алынсын.
2. Ата-аналар мен сынып
жетекшілері балалардың демалыстары кезіндегі бос уақыттарын ұйымдастыруда бақылауды күшейтсін.
Төрайымы: Кулнашарова А.Е.
Хатшы: Смирнов В.Б.